....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 10:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Екібастұз полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады

Екібастұз полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады
ашық дереккөзі
Екібастұз полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады
Екібастұз полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері осы жылдың шілде айынан бастап мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады. 15 қарашада рейдтік іс-шара барысында құрылыс нысандарының бірінде тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Тәжікстан Республикасының үш азаматы ұсталды. Аталған азаматтар жеке басын анықтау үшін көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді. – Деректер базасы бойынша тексеру кезінде үш шетелдіктің Қазақстанға жеке мақсатпен келгені анықталды. Сондай-ақ 22 жастағы шетелдік осы жылдың шілде айында Ресей Федерациясы ІІМ-нің кісі өлтіргені үшін Челябинск қаласы бойынша мемлекетаралық іздестіруге жарияланғаны анықталды. Ұсталғаны туралы іздестіру бастамашыларына хабарланды, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, екі шетелдікке қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 5-бөлігінің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/ekibastuz-politsejleri-memleketaralyq-izdeude-zhurgen-sheteldik-azamatty-ustady/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар