Жаңалықтар
Экология министрі киіктердің популяциясын зерттеуге қаржы бөлуді сұрады
- авторjambylinfo.kz
- 15 шілде, 2022
- 541
Экология министрі киіктердің популяциясын зерттеуге қаржы бөлуді сұрады
Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресрурстар министрі Серікқали Брекшев киік популяциясын тыңғылықты зерттеуге қаржы сұрады, деп хабарлайды ЖамбҚазАқпарат тілшісі.
«Киік популяциясын реттеу туралы айтсақ, кеше біз ғылым мен салалық қауымдастықтардың қатысуымен жиналыс өткізіп, ортақ шешімге келдік. Бірінші. Терең мониторинг жүргізіп, киік полпуляциясын тиімді реттеу үшін күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу қажет. Биыл Зоология институты Ғылым және жоғары білім министрлігіне осы тақырып бойынша зерттеулер жүргізу үшін өтінім берген еді. Өкінішке қарай, бұл жоба қабылданбады. Осыған байланысты, Әлихан Асханұлы, Ғылым және жоғары білім, Қаржы министрліктері осы зерттеулерді қаржыландыруды биылдан бастап қарастыруын сұраймыз», - деді Серікқали Брекешев. Сондай-ақ, министр киіктен зардап шеккен шаруалардың мәселесін де көтерді. «Аталмыш зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындысы шыққанға дейін шаруаларға келген залалды есептеу әдістемесі әзірленіп, өтемақы төлеу мәселесі пысықталады», - деді ол. Еске салсақ, кеше Президент аталған ведомствоның жұмысына бірнеше сын айтып, Серікқали Брекешевке сөгіс жариялаған еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






