бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 13:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Экологиялық акция жалғасуда

Экологиялық акция жалғасуда
mayak1932.kz
Қордай ауданының барлық ауылдық округтерінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы жолы тұрғындар ирригациялық каналдарды және ауылішілік арықтарды тазалады.

Аталған тазалық шарасы жергілікті тұрғындардың табиғатты аялауға деген ынтасын арттыру және су ресурстарын қорғау, ауылдық округтердегі каналдар мен арықтарды тазалап, олардың су өткізу қабілетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығына, соның ішінде суармалы егіншілікке оң әсерін тигізетіні анық.

Акцияға ауданның барлық ауылдық округтеріндегі тұрғындар, ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері, коммуналдық қызмет өкілдері және еріктілер белсенді түрде қатысты. Тазалау кезінде каналдардан әр түрлі қоқыстар, пластикалық бөтелкелер, қаптар және басқа да тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сонымен қатар, ауылдық округтер әкімдіктерінің қызметшілері каналдарды қоқыстардан қорғау мақсатында арнайы белгілер мен тақтайшалар орнатты.

Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, аудан тұрғындары арасында қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік деңгейін одан әрі арттыруға бағытталмақ. Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді және тұрғындар арасында үлкен қолдауға ие.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар