жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 18:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Экс - мемлекеттік қызметкер алты жылға бас бостандығынан айырылды

Экс - мемлекеттік қызметкер алты жылға бас бостандығынан айырылды
ашық дереккөзі
Экс - мемлекеттік қызметкер алты жылға бас бостандығынан айырылды
Бәс тігуге ақша алу үшін қызметкер туыстары мен жақындарын өтпейтін тендерлерге қатысуға шақырды. Осы схеманың арқасында ол 200 миллион теңгеден астам сомаға адамдарды алдап үлгерген. Желтоқсан айының соңында сот жастар саясаты бөлімінің бұрынғы қызметкерін аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы бұл дәлелдемелерді толығымен сұрап, сараптама жүргізді. Айыпталушы бәс тігуден 500 миллион теңгеге жуық шығынға батқан. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 205 миллион теңге болды»,- деді прокурор Аяла Құдайберген.
Ділмұрат Хамрақұлов алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ 10 жылға мемлекеттік сатып алу саласында қызмет көрсетуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Дереккөз: kaz.orda.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар