жексенбі, 20 шілде, 2025 10:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
Фото: primeminister.kz.
Бұл туралы Антикор агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

Бұрынғы Әділет министрі алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық жасау және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу баптары бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Бекетаев мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-министрге қатысты іс алаяқтық, аса ірі көлемдегі ұрлық, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша тергелді. Іс „құпия“ деген белгімен жүргізілгендіктен, материалдар толық жарияланбайды», — деді Бекайдаров.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 21 қазанында Антикор бұрынғы әділет министрін қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған болатын. Ведомствоның мәліметінше, Бекетаев «айқын қажетсіз қызметтерді» көрсету үшін жыл сайын шарттар жасап, мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірген, әрі аффилиирленген компаниялардың мүддесін қорғаған.

Сондай-ақ, Бекетаевтың елден шығып кетпек болған сәтінде ұсталды.

Марат Бекетаев 2016–2022 жылдар аралығында Қазақстанның Әділет министрі қызметін атқарды. Ол 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кеткен. Экс-министр бірнеше даулы істермен есте қалды: соның ішінде, ол Қазақстаннан тыс аумақтарда көп жыл бойы жүргізілген сот процестеріне жауапты болған.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар