бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 20:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Ел не ойлайды, не дейді екен?" Қайрат Жолдыбайұлы оқырмандарын ойлантып қойды

"Ел не ойлайды, не дейді екен?" Қайрат Жолдыбайұлы оқырмандарын ойлантып қойды
Қайрат Жолдыбайұлы. Фото - ашық дереккөзден
Жазушы Қайрат Жолдыбайұлы «DAUA JÜREK» атты кітабынан әлеуметтік желідегі парақшасына үзінді жариялап, оқырмандарына біреу үшін өмір сүрмеуге кеңес берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қаламгердің пікірінше, көптің сен туралы пікіріне байлану – бақытқа апарар жол емес. Өйткені, бұл тек «біреу ушін сандалып өмір сүру» деп есептейді. 


-    Ел не ойлайды, не дейді екен?"деп қалағаныңнан бас тарту, я болмаса жоспарыңда жоқ нерсені жасау - біреу ушін сандалып өмір сүру деген сөз. Өзің ойлашы, айдаладағы танымайтын біреудің сен жайлы миындағы жай ғана ойы сенің іс-әрекетіңе, өміріңе, мінезіңе, арман-мақсатыңа тікелей әсер етуде. Яғни, сені сырттан басқарып отыр. Бұл дұрыс нәрсе ме? Шын мәнінде біреудің ойы, сөзі - оның проблемасы. Тек сенікі емес,- деп жазды ол.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар