сенбі, 22 маусым, 2024 15:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сметов пен Әбужақынова әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Сметов пен Әбужақынова әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Спорт жанкүйерлері қос балуанның жекпе-жегін "Қазспорт" телеарнасының сайтынан тамашалай алады.

Дзюдодан Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында  Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін белдеседі, деп хабарлайды jambylinfo. kz. 

Ширек финалда  Елдос Сметов ресейлік Аюб Блиевпен күресті. 

Жекпе-жек өте тартысты өтті. Жерлесіміз қарсыласына қайта-қайта шабуыл жасап, алға шықты. Алайда, белдесудің соңғы секундтарында Елдосқа сәттілік жетіспей, жеңіс қарсыласына бұйырды. 

Айта кетейік, Сметов турнирдің жұбаныш белдесуіне қатыспай, бірден қола медальға күресу мүмкіндігін алды.

Себебі, оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы, франциялық  Ромен Валадье Пикар жарыстан шеттетілді. 

Ал қыздар арасында 48 келіде күрескен Әбиба Әбужақынова моңғолиялық қарсыласынан жеңілді.

Енді Әбиба Әбужақынова әлем біріншілігінің қола медальі үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы Түркия елінің спортшысы Тукче Бедермен болып отыр. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар