Жағдай БЭЖ электр стансаларындағы апаттық және жоспарланбаған жөндеулердің көп болуына байланысты генерациялайтын қуаттардың тапшылығымен күрделене түседі. Мысалы, генерацияны авариялық ажыратудың ұзақтығы 2021 жылдың басынан бастап 2020 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 25%-ға ұлғайды. Бұл ретте жабдықтың жекелеген түрлері бойынша бұл көрсеткіштің өсуі айтарлықтай жоғары: турбоагрегаттардың авариялық тоқтатылу ұзақтығы 2 еседен астам шамаға өсті (+134%, 2020 жылы 12 177 сағат, 2021 жылы 28 550 сағат), газ турбиналарының авариялық тоқтатылу ұзақтығы 43%-ға, энергия блоктық жабдық 18%-ға өсті.
Генерацияның жетіспеушілігі тұтынушылардың электр энергиясы мен қуатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Бұл өз кезегінде Қазақстан БЭЖ тұтынушыларының нақты тұтынуының жоспарлы шамадан ауытқуына әкеліп соғады. Энергия жүйесі бойынша қуаттың ауытқуы шамамен 1 мың МВт құрайды, соның ішінде тек Қазақстан БЭЖ-інің Оңтүстік аймағы бойынша ауытқу шамасы 700 МВт-тан асады. Генерацияның жетіспеушілігі, қуат пен электр энергиясының ауытқуы Қазақстан БЭЖ тұрақтылығының бұзылуына қауіп төндіреді. Ірі жүйелік аварияның пайда болу қаупі бар. Кешкі мезгілде Қазақстан БЭЖ-інің Солтүстік-Оңтүстік транзиті бойынша электр энергиясының ағыны рұқсаттық мәннен асып түседі. Генерацияның иеліктегі резервтерінің толық таусылуына байланысты тұтынушылар үшін авариялық істен шыққан генерацияны алмастыру және жоспарлы импортты іске асыру мақсатында шектес энергия жүйелерінен жоспарлы жеткізуді жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «KEGOC» АҚ Жүйелік оператор ретінде Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуге міндетті. Жоспардан тыс тұтыну орын алған жағдайда, «KEGOC» АҚ қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тұтыну режімін сақтау бойынша тұтынушылардың жекелеген санаттарына шаралар қолдануға мәжбүр болады.
2021 жылғы 5 қазанда Жүйелік операторға жүктелген міндеттемелерді орындау шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелерге сәйкес тұтынуды шектеу бойынша мынадай іс-шаралар жүргізілді: «АЖК» АҚ желілеріндегі шектеулер – 75 МВт (асып кету – 160 МВт, диапазонынан тыс – 90 МВт). «Қызылорда ТЭК» АҚ желілерінде шектеу – 31 МВт (асып кету 39 МВт, 33 МВт). Enegix АҚ шектеулері – 68 МВт (асып кету – 100 МВт, диапазонынан тыс – 90 МВт).
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024