Жаңалықтар
Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің жартылай финалына шықты
- авторjambylinfo.kz
- 6 ақпан, 2025
- 335

Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған қазақстандық теннисші WTA 500 хард турнирінде бірінші нөмірмен өнер көрсетуде.
Жартылай финал жолдамасы үшін ол туннистік Онс Жабермен (әлемнің 33-ракеткасы) кездесті,-деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Кездесу үш сетке созылып, 6:2, 4:6, 7:6 (7:4) есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 2 сағат 13 минут өткізді.
Жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы 2020 жылғы Олимпиада чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.
Өткен маусымда Рыбакина Абу-Дабиде чемпион атанған, сондықтан бұл жолы 500 рейтингтік ұпайын қорғауда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 12:55