сейсенбі, 1 қазан, 2024 4:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміз метрология жөніндегі еуропалық ұйымға қабылданды

Еліміз метрология жөніндегі еуропалық ұйымға қабылданды
ашық дереккөзі
Еліміз метрология жөніндегі еуропалық ұйымға қабылданды

СИМ ТРМК ҚазСтандартты үкімет елдің Бас ғылыми-метрологиялық орталығы және стандарттау жөніндегі ұлттық органы ретінде анықтады, деп хабарлайды Жамбылинфо BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасап.

ҚазСтандарттың жетекші мамандарының делегациясы Еуропада ғана емес, әлемдегі ең беделді метрологиялық орталықтардың бірі – Германия физика - техникалық институтына (PTB) жұмыс сапарымен барды. ҚазСтандарт тарихта алғаш рет EURAMET Еуропалық ұлттық метрологиялық институттарының қауымдастығының серіктес ұйымы ретінде қабылданды. Сондай-ақ, біздің метрологтардың ынтымақтастық және Инновациялар мен зерттеулердің метрологиялық бағдарламасына (EMPIR) қатысу мәселелері талқыланды. Қол жеткізілген мақсаттар ҚазСтандарттың еуропа елдерімен тиісті салыстырмалы салғастырулар жүргізу арқылы ҚР-ның өлшеу мүмкіндіктерін әлемде халықаралық тану жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге, стандарттар мен регламенттерді қолданумен байланысты мәселелерді реттеуге және басқаруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, сапаның дамыған инфрақұрылымы ҚР СИМ-ге жүктелген міндеттерді орындауға, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнім шығаруға, қоршаған ортаны қорғауға, денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке, қорғаныс қабілетіне, табиғи ресурстарды есепке алуға және экономиканың басқа да салаларына тікелей ықпал етеді. Дереккөз: http://baq.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар