Елімізде ауа температурасы 26 градусқа дейін төмендейді
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
- 501
Казгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, елімізде ауа температурасы біртіндеп төмендей бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады, батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі. Жалпы Қазақстан бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, тұманның түсуі, батыста көктайғақ болады, - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Таразда 23 желтоқсанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Кей уақытта тұман түседі. Күндіз -3-5 °C көрсетсе, түнде-13-15 °C. Ал 24 желтоқсанда ауа температурасы күндіз 0-2 °C, түнде күн бұлттанып -13-15 °C. 25 желтоқсанда ауа температурасы 0-2 °C.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, кей жерлерде қар жауады, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз -7...-9°C.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -5...-7°C.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз 0...+2°C.
Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +3...+5°C.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз