Бүгін еліміздің қай қалаларында ауа сапасы нашарлайды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 шілде, 2025
- 579
Бүгін,14 шілде күні 3 қалада атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Орал, Ақтөбе және түнгі уақытта Атырау қалаларында ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық құбылыстар жиынтығы.
Мамандар мұндай жағдайда жергілікті тұрғындарға ұзақ уақыт далада болмауға, денсаулыққа зиян келтіретін әрекеттерден сақ болуға кеңес береді.
Айта кетейік, ластану деңгейіне желдің бағыты мен күші, жауын-шашын мөлшері, ауа температурасы мен ылғалдылық сияқты синоптикалық факторлар әсер етеді.
Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






