Елімізде халықаралық деңгейдегі 24 қонақ үй бой көтереді
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 қыркүйек, 2025
- 379
Алдағы жылдары Қазақстанның 11 өңірі мен қаласында халықаралық деңгейдегі 24 жаңа қонақүй салу жоспарланған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының мәліметінше, әлемге танымал қонақүй брендтері қазақстандық нарыққа белсенді қызығушылық танытып отыр. Жаңа нысандардың қатарында іскерлік сапарларға да, демалыс туризміне де арналған қонақүйлер болады.
– Біз туристік инфрақұрылымның сапасын жақсарту және өңірлердің тартымдылығын арттыру мақсатында халықаралық қонақүй желілерімен тығыз жұмыс жүргізіп келеміз. Қазақстанда сапалы орналастыру орындарына деген сұраныс тұрақты түрде өсіп отыр. Бұл – іскерлік белсенділік пен туристер санының артуына байланысты. Халықаралық қонақүй брендтерінің келуі сервис сапасын көтеріп қана қоймай, нарықтағы бәсекелестікті де арттырады, – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлы.
Сарапшылардың айтуынша, қонақүй индустриясын дамыту ел экономикасына мультипликативтік әсер береді.
Бұл өз кезегінде:
жаңа жұмыс орындарының ашылуына,
туризм ағынының артуына,
жергілікті кәсіпкерліктің дамуына серпін береді.





