жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде киік етінің бағасы белгілі болды

Елімізде киік етінің бағасы белгілі болды
ашық дереккөз
Жуырда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров киік етінің нақты бағасы нақтыланып жатқанын айтқан болатын.

«Бүгінде 18 ет комбинаты тіркелген. Бағаны есептейміз, қай бағамен және қалай сатылатыны логистикаға және басқа да факторларға байланысты», – деді сол кезде министр.

Министрліктің баспасөз қызметі нақтылап өткендей, Ауыл шаруашылығы министрлігі киік етінің әр келісі үшін 1600 теңге көлемінде баға ұсынған. Бірқатар БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, 2023 жылы киік ату науқаны кезінде еттің келісі 1600 теңгеден сатылған.

Үкіметтің деректері бойынша елде еттің келесідей орташа бағасы тіркелген:

– сиыр еті – 3095 теңге/кг
– құс еті – 1496 теңге/кг

Астанада көтерме бағамен сатылатын жылқы етінің келісі 2500–2700 теңге, ал қой еті 3000–3100 теңге шамасында. Маусым айының соңында Қазақстанда киік санын реттеу туралы шешім қабылданғаны белгілі болды. Елдегі киіктердің саны 3,9 миллионға жеткен. Бұл шешім ғылыми қорытындыларға, шаруа қожалықтарының ұсыныстарына және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып қабылданған. Кейінірек Ауыл шаруашылығы министрлігі елімізде жаңа әрі қолжетімді, диеталық ет түрі сатылымға шығуы мүмкін екенін мәлімдеді. Киік етін өңдеу жұмыстары  Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Павлодар сынды өңірлерде жүргізілмек. Жалпы, киіктеркөп мекендейтін аймақтарда 25 ет комбинаты жұмыс істейді.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар