Қазақстанда Шенген визасын алу үшін жалған құжат ұсынатындар көбейіп кеткен. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтуынша, Қазақстанда Шенген визасын алу үшін жалған құжат ұсынатындар көбейіп кеткен. Сондықтан консулдықтар біздің азаматтар ұсынған ақпаратты мұқият тексеруге көшкен. Яғни, Еуропа елдеріне бару рұқсатын алу қиындады.
"Қазір Виза алу тәртібін қайта жеңілдету бойынша келісімдер жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты құжаттарды ұсыну, визаға өтініш беру, тиісті алымдарды төлеу процесін мұқият бақылауға шақырамыз», - деді министрлік өкілі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз