бейсенбі, 19 желтоқсан, 2024 9:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде тағы сегіз кәсіби мереке пайда болмақ.

Елімізде тағы сегіз кәсіби мереке пайда болмақ.
Фото - ашық дереккөз
Күнтізбеде мейрам көбейді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілгі сегіз кәсіптік мереке тізбесін бекіту туралы министр бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32924 болып тіркелген),яғни бекітілген кәсіби мерекелер тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Қаржы мониторингі жөніндегі органдар күні – 28 қаңтар

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі

Теміржол көлігі қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі

Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика саласындағы қызметкерлер күні – қыркүйектің екінші жексенбісі

Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан

Автомобиль көлігі қызметкерлері күні– қазан айының соңғы жексенбісі

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметкерлер күні– 10 қараша

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні– 13 желтоқсан

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Құжат 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" порталына орналастырылған.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар