Елімізде жас-жұбайларға ата-ана болу үшін арнайы курстан өту талап етілуі мүмкін
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 4 наурыз, 2025
- 142

Елімізде жас жұбайларға ата-ана болу үшін арнайы курстан өту талап етілуі мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz baq.kz сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда ата-аналарға міндетті оқыту курстарын енгізу мәселесі талқыланып жатқанын хабарлады.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға өзгерістер енгізу барысында Үкімет қаулысының жобасын қоғамдық талқылауға шығарған болатын. Қаулы жобасының 23-2 тармағында ата-аналардың "Ата-ана мектебі" курстарынан міндетті түрде өтуін заңнамалық деңгейде бекіту ұсынысы енгізілді. Атап айтқанда:
- Некеге тұру.
- Жүктілік және босануға дайындық.
- 3 жасқа дейінгі балаларды бақылау.
- Балаларды балабақшаға немесе мектепке қабылдау.
Оқыту курстары отбасыны қолдау орталықтары, жастар денсаулығы орталықтары және ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарында ұйымдастырылады, - делінген министрліктің ресми жауабында.
Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта бұл мәселе мүдделі мемлекеттік органдармен талқыланып, егжей-тегжейлі пысықталады.