бейсенбі, 21 қараша, 2024 21:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде жасанды инттелект туралы заң жобасы әзірленіп жатыр

Елімізде жасанды инттелект туралы заң жобасы әзірленіп жатыр
Фото: freepik.com
Қазақстанда цифрлық кодекс және жасанды инттелект туралы заң жобасы әзірлену үстінде. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Инновациялар дамыту департаментінің директоры Дархан Мырзабаев мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Дархан Мырзабаевтың айтуынша, министрлік жасанды интеллект стратегияларын әзірлеу саласындағы халықаралық тәжірибені талдау негізінде жасанды интеллектті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын қалыптастырған.Тұжырымдама жобасы қазіргі ахуалды талдауды, халықаралық тәжірибеге шолуды, жасанды интеллектті дамытуды іске асыруды пайымдауды, дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін, нысаналы индикаторларды және күтілетін нәтижелерді қамтиды.

«Мәжіліс депутаттары министрлікпен бірлесіп, жасанды интеллектіні құру, дамыту және пайдалану кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жасанды интеллект бойынша заң жобасы әзірленіп жатыр», - деді Д. Мырзабаев.

Оның айтуынша, тұжырымдама негізінде жасанды интеллект технологияларын қолдану, аталған жүйенің қауіпсіз жұмыс істеуі жөніндегі нормалар, жасанды интеллект этикасының қағидаттары мен оны пайдалануда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету көзделеді.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар