жексенбі, 24 қараша, 2024 23:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. 13-14 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында найзағай соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 13 шілдеде таңертең және күндіз 15-20 м/с, 14 шілдеде кей уақыттарда 15-20 м/с-қа жетеді. 13 шілдеде күндіз Алматы қаласында найзағай болады. Оңтүстік-батыс желі, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. 13 шілде күні таңертең және күндіз Шымкент қаласында найзағай, дауыл, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. 13 шілдеде Ақмола облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді. Көкшетауда 13 шілдеде күндіз қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 13 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорганда 13 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. Іле Алатауы, Жетысу Алатауы: күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыс желі, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қырғыз Алатауы: кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-батыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, кей жерлерде 15-20, таңертен және күндіз екпіні 23-28 м/с. Талас Алатауы: таңертен және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл. Батыс, солтүстік-батыс желі, таңертен және күндіз екпіні 17 м/с. Батыс Алтай: кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с. Тарбағатай: күндіз кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с. 13-14 шілдеде тәулік бойы Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 12, тәулік бойы 13-14 шілдеде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20, таңертең және күндіз 13 шілдеде екпіні 23-28 м/с. Таразда 13 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 13-14 шілдеде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20, таңертең және күндіз 13 шілдеде кей уақытта 25 м/с. 13 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі. Қарағанды қ.: 13 шілдеде найзағай күтіледі. Жезқазған қ.: күндіз 13 шілдеде солтүсік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 16 м/с күтіледі. 13 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с. Оңтүстік-батыста өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: күндіз 13 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 13 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шанды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 13 шілдеде күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл, күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қаласы: 13 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 13 шілдеде тәулік бойы және 14 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде 13 шілдеде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 13, тәулік бойы 14 шілдеде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда 13-14 шілдеде найзағай, бұршақ дауыл болады. Солтүстіктен жел соғады, түнде 13 шілдеде екпіні 15-20 м/с, күндіз 13, тәулік бойы 14 шілдеде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 13 шілдеде таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 13 шілдеде таңертең және күндіз шаңды дауыл, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады. Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінің ұшқыны, құрғақ шөп жағу, найзағай болып табылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар