жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздің бірнеше өңірінде бұршақ жауып, үсік жүреді

Еліміздің бірнеше өңірінде бұршақ жауып, үсік жүреді
ашық дереккөзі
Еліміздің бірнеше өңірінде бұршақ жауып, үсік жүреді
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 11 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 11-12 мамырда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Маңғыстау облысының да кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда түнде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15 м/с жетеді. Ақмола облысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Шығыс Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Қызылорда облысында күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. 11-12 мамырда Жамбыл облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. 11-13 мамырда тұман түседі. Тараз қаласында 12 мамырда найзағай ойнап, бұршақ жауады. 11-13 мамырда кей уақытта тұман түседі. 12-13 мамырда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. 11 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар