Елордада Жақсылық Үшкемпірұлының ескерткіші ашылады
- авторjambylinfo.kz
- 6 қыркүйек, 2021
- 540
Елордада Жақсылық Үшкемпірұлының ескерткіші ашылады,

Былтыр тамыз айында қазақтың даңқты ұлы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпірұлы дүниеден өткен болатын. Дарабоз тұлғаны халқы ешқашан ұмытпайды.
Соның айғағындай, 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Әмірәлиевке орнатылған ескерткіштің ашылу салтанаты өтеді.
Бұл іс-шара сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылындағы Жақсылық Үшкемпірұлы атындағы спорт сарайының алдында ұйымдастырылады.
Мәскеу төрінде атой салған Жақсылық аға қазақ балуандарына, жалпы спортшыларына үнемі ағалық қамқорлығын көрсететін. Кәсіпкер ретінде мал шаруашылығын дамытып, бір ауылға шарапатын тигізіп, талай жасты жұмыспен қамтыды. Әзірше осы даңқты азаматтан кейін ешбір қазақ балуаны Олимпиада алтынын ала алмай келеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Талибан әйелдерге жаңа талап қойды
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






