Өзбекстанның мемлекеттік банктері цифрлық қызметтерді дамыту мәселесінде жекеменшік банктерден артта қалып отыр.
Бұл туралы көрші ел Президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді, деп хабарлайды - Jambylinfo.kz
Былтыр жеке банктерде онлайн қызмет көрсетушілер саны 32%-ға өссе, мемлекеттік банктерде бұл көрсеткіш бар болғаны 13%-ға тең. Мирзиёев банктерге осы жылдың соңына дейін қашықтан қызмет көрсету көлемін 30%-ға арттыруды тапсырды.
Бұдан бөлек кадастрлық, салықтық және сот органдарының мәліметтер базасын банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау ұсынылды. Бұл онлайн несие беру мен қарызды өндіріп алу процесін жеңілдетуге ықпал етеді деп күтіліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






