жұма, 27 желтоқсан, 2024 11:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ер азаматтар нені армандайды?

Ер азаматтар нені армандайды?
Сурет:ашық дерекөзден алынды
Бүгін Отан қорғаушылар күні.

7 - мамыр Отан қорғаушылар күні. Ер азаматтардың төл мерекесі. Осыған орай, ер жігіттердің нені армандайтынын өздерінен сұрадық, деп хабарлайды jambylinfo. kz.

Сауалнама әртүрлі жастағы ер азаматтар қатысып, жауап берді. 

Ерімбет Нұрланұлы, 38 жаста, ұстаз:

-Отбасы мен Отанның амандығынан артық ештеңе жоқ. Ел аман, жұрт тыныш болсын! Ал жеке бастың арманы біткен бе? Бастысы, деніміз сау болып, жұмысымыз алға баса берсін! 

Нариман Забирхан, 18 жаста, студент:

-Арман көп қой. Оқуымды ойдағыдай аяқтап, қызметке тұру. Ата-анамның үмітін ақтап, табысты болу. 

Асылхан Қойшыбайұлы, 52 жаста, Тараз қаласының тұрғыны:

Арман ешқашан бітпейді ғой. Жасыратыны жоқ, елдің несиелік жүктемесі көп қазір. Жаста да, кәрі де несие бар. Халықтың несиесі азайып, ер азаматтардың айлық-табысы артса деп тілеймін.

Арман Серік, 17 жаста, мектеп түлегі:

Биыл мектеп аяқтап жатырмын. Бұйырса, болашақта педогог болуды армандаймын. География пәнін ерекше жақсы көремін. Осы пәннен білікті ұстаз болу арманым... 

Еске салайық, осы жылдың 1-ші қаңтардағы статистика бойынша, Қазақстанда 20 053 665 адам тұрады. Оның 10 240 446 әйелдер болса, 9 774,129 ер адам екен.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар