сейсенбі, 22 қазан, 2024 14:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев Қазақ-Қытай бизнес форумында аймақтың инвестициялық әлеуетін таныстырды

Ербол Қарашөкеев Қазақ-Қытай бизнес форумында аймақтың инвестициялық әлеуетін таныстырды
ашық дереккөзі
Ербол Қарашөкеев Қазақ-Қытай бизнес форумында аймақтың инвестициялық әлеуетін таныстырды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды jambylinfo әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Сапар аясында Шаньдунь провинциясында өткен Қазақ-Қытай бизнес форумының ашылуында сөз сөйлеген аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

 width= Атап айтсақ, Қарашөкеев облыстың бірегей ерекшеліктерін, соның ішінде орталық логистикалық дәліздерді байланыстырып отырған темір және автокөлік жолдарының артықшылықтарын алға тартты. «Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында біздің өңірде бизнес-климатты жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр. Инвесторларды қолдау мақсатында инвестицияық жобаларға арналған салық жеңілдіктері, субсидия, гранттар, жеңілдікпен несие беру сияқты мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Өз тарапынан жергілікті билік бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін бір саладағы идеяны анықтап, оны толық қуаттылыққа шығаратындай бірқатар шешімдер әзірледі», - деді облыс әкімі. Айта кетейік, Жамбыл облысы фосфор және фторлы шикізаттың бірегей базасына айналған аймақ.

  width= Сонымен қатар, облыс металл, барит, көмір, әртүсті тастар, құрылыс материалдары, табиғи газға бай өлке екені белгілі. Фосфориттердің баланстық қорының шамамен 72 пайызы осы облыста шоғырланған. Өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларындағы басым бағыттармен қатар Қытайдағы бизнес қауымдастық өкілдеріне негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің даму болашағы туралы баяндалды. «2023 жылы экономиканың өсімі 1,3% болды. Тоғыз айда 700 млн доллар көлемінде инвестиция тартылды. 2023 жылдың сегіз айында сыртқы сауда айналымының өсімі 541 млн долларға жетті», - деді бизнес форумдағы сөзін жалғастырған Қарашөкеев. Форум аясында Шаньдун провинциясының Халықаралық саудаға көмектесу комитеті мен Бизнес және инвестицияға көмектесу жөніндегі Қазақ-Қытай қауымдастығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, Жамбыл облысы делегациясы Қытай Халық Республикасындағы жұмыс сапары аясында өзге де бизнес топтармен кездесіп, Шаньдунь провинциясындағы ірі кәсіпорындарды аралайды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар