бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 5:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Ербол Қарашөкеев өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Фото - Юрий Ким
Басқосу барысында аймақ басшысы дөңгелек үстел ұйымдастырылған Руханият және тарихтану орталығында ақын-жазушыларға арналған арнайы «Ашық кабинет» жасақталатынын айтты.

Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Еркін форматта өткен жиында алғаш болып сөз алған аймақ басшысы «Әдебиет – ойымыздың тереңдігі мен рухымыздың асқақтығын айғақтайтын ұлы қазына» екендігін айта келіп, қалам ұстаған қадірлі ортаны Жазушылар одағының биылғы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Сондай-ақ, аймақ басшысы 2025 жылды өңірде кітап оқу жылы деп жариялап, «Тараз - кітап оқитын қала» жобасы жүзеге асатындығын айтты.

 Басты мақсат – жастарға білімнің де, тәрбиенің де кілті – кітап, кітап – ең құнды қазына, адамның нағыз досы екендігін түсіндіру. Сіздердің шығармаларыңыз осы кітап оқу жылында көп оқылатын кітаптардың қатарында болады деп сенемін. Одан бөлек, келер жылы бүкіл жамбылдың тарихи жер-су атауларына байланысты «Әулие Ата аңыздары» деген кітап шығармақ ойымызда бар.  Әр тасы тұнған тарих киелі өңірдің руханияты мен туризмін тағы бір тың туындымен толтырмақпыз.Ақын-жазушыларымызға мемлекет тарапынан әрқашан қолдау көрсетіліп келеді. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы жергілікті 24 автордың кітабы (1000 данадан 24 мың кітап) баспадан шығарылып, облыстағы барлық кітапханаларға таратылды. Жақында ғана әдебиет пен өнерді қолдау және таланттарды анықтау мақсатында поэзия, проза, драматургия, сатира, балалар әдебиеті саласында «Асқақ рухты Әулиеата» республикалық әдеби конкурсы өткізілді. Онда Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Шона Смаханұлы, Несіпбек Дәутайұлы, Арғынбай Бекбосын сынды өңіріміздегі біртуар тұлғалардың атындағы жүлделер табыс етілді. Ағымдағы жылы Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойын абыроймен атқардық.Сондай-ақ, жыл ішінде ақын-жазушыларымыз, жалпы мәдениет, өнер адамдарына арналған іс-шаралар көптеп өтуі жергілікті билік пен зиялы қауым арасындағы байланыстың айқын көрінісі, – деді өз сөзінде өңір басшысы.

Келелі кездесу барысында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, Пернебай Дүйсенбин, жазушы-дарматург, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Елен Әлімжан және аяулы ақын Шырын Мамасеріковалар сөз алып, өңір руханиятына жаңа серпіліс алып келетін ұтымды ұсыныстарын алға тартты. Мәселен, Елен Әбдуатұлы жуырда ғана екі әкімшілік ауданға бөлінген Тараз қаласының ескі «Әулиеата» кезеңіне жататын бір ғасырлық тарихы бар ғимараттарын қорғауға алып, ескі қаланың мәдениетін жаңғыртуды, сол арқылы туристік класстерге көңіл бөлуге болатындыған баса айтты.

Мұнымен қоса, ардагер журналист, жазушы, аудармашы Бекет Момынқұл келер жылы даңқты батыр Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай халықаралық айтыс ұйымдастыруды ұсынып, посткеңестік елдерге кеңінен танмал жерлесімізге лайықты құрмет көрсету қажеттіген жеткізді. Мұнымен қоса, кеш барысында сөз алған ақын Үміт Битенова мен Ғайни Әлімбекқызы аймақтағы ақын-жазушылардың шығармашылық кештерін ұйымдастыру қажеттігін де тілге тиек етті.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар