жұма, 20 қыркүйек, 2024 5:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады

Ербол Қарашөкеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

"ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, жерлесіміз Елдос Сметовты ХХХlll жазғы Олимпиаданың чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл жеңіс еліміздің, жамбылдықтардың, барша жанкүйерлердің ортақ мерейі, қуанышы. 

Париж қаласында өтіп жатқан төрт жылдықтың басты додасында ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлаған Елдос Олимпиада ойындарында 3 мәрте жүлде алған алғашқы қазақстандық.

Сондай-ақ ел тарихындағы дзюдодан Олимпиаданың тұңғыш чемпионы болып отыр. 

Баршаңызды айтулы жеңіспен тағы да шын жүректен құттықтаймын!

Өңіріміздің Олимпиада ойындарындағы жүлде қоры 11-ші медальмен толықты.

Барша спортшыларға сәттілік, жеңіс тілеймін!

Көк туымыз көкте желбірей берсін" -, деп жазды Ербол Шырақбайұлы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар