сәрсенбі, 18 желтоқсан, 2024 21:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев: «Тойымыз кішігірім асханада өтті»

Ербол Қарашөкеев: «Тойымыз кішігірім асханада өтті»
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Облыс әкімі той өткізу мәдениетін өзгертетін уақыт келгенін айтты

  Жамбыл облысының әкімі тойдағы ысырапшылдыққа жол бермеу, той мәдениетін қалыптастыру,  әдепсіз ойындарды тыю, ата-баба ізетінен айнымау секілді құндылықтарды жаңғырту бойынша өз ойымен бөлісті.

«Тойдың ішкі мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Өздеріңіз көріп жүргендей тойда қойға шапан жабу, иттің туған күнін атап өту, таққа отырғызып төбеге көтеріп алып кіру, үлкен ата-апаларымызды келеке ету, жастарымызға ішімдік беріп, анайы әрекеттер көрсету дәйектері соңғы кезде көптеп орын алуда. Бұл біздің салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға, жалпы қазақтың мәдениетіне еш бір қисыны келмейтін дүние. 
Осы ретте ұрпаққа үлгі боларлықтай өнеге көрсету, жол сілтеу, ата-баба дәстүрін насихаттау қандайда болса шаралардың өз мәдениетімен өтуіне ықпал ету парызымыз»,- деді облыс әкімі өз сөзінде. 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар