жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 16:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ерлан Қарин азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бей-жай қарамауға шақырды

Ерлан Қарин азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бей-жай қарамауға шақырды
ашық дереккөзі
Ерлан Қарин азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бей-жай қарамауға шақырды
Ерлан Қарин азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бей-жай қарамауға шақырды  «Заңдылық пен тәртіп қағидатын орнықтыру ісі вандализм, балаларға қарсы қылмыс, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты жағымсыз құбылыстармен күрестен басталады.  Мұндай құқықбұзушылықтарға қойылатын алғашқы және өте маңызды тосқауыл ─ азаматтардың оларға бей-жай қарамауы.    Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.     Әрине, қоғамда басқа көзқарас та бар. Кейбіреулер заңнаманы одан әрі қатаңдату мұндай қылмыстардың ашылу көрсеткішін төмендетеді деп есептейді. Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, жазаның қатаңдығы және одан бұлтару мүмкіндігінің болмауы ─ қылмысқа қарсы іс-қимылдың ең тиімді тетігі.  Бұл мәселені тек заңнамаға өзгеріс енгізу арқылы шешу мүмкін емес. Сонымен бірге азаматтардың көзқарасы, моральдық ұстанымы да өзгеруі керек. Осындай әрекеттерге көз жұмып қарайтын болсақ, онда мемлекет қабылдап жатқан шаралардан еш нәтиже шықпайды.  Яғни, деструктивті мінез-құлықтың кез келген түріне қарсы күрес кешенді іс-қимылды талап етеді»,-деп жазды Мемлекеттік кеңесші telegram-дағы парақшасында.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар