жұма, 27 желтоқсан, 2024 2:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ерлан Қарин: Жаңарған Ата заң мемлекетіміздің дамуына зор ықпал етті

Ерлан Қарин: Жаңарған Ата заң мемлекетіміздің дамуына зор ықпал етті
Сурет: Kazinform
Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Жаңарған Ата заң мемлекетіміздің дамуына зор ықпал етті, деп мәлімдеді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Kazinform. kz. сайтына  берген сұхбатында деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Бүгін еліміз Конституция күнін атап өтіп жатыр. 2022 жылы Ата заңға маңызды өзгерістер енгізілді. Әділдік қағидатына негізделген бұл түзетулер бүкіл қоғамның мүддесін ескере отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейте түсуге жол ашты. Конституциялық реформаның басты жаңалығы – Президент жеті жылдық мерзімге бір рет қана сайланатын болды, Парламенттің ықпалы күшейді. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты аралас сайлау жүйесі енгізілді. Жаңа институт – Конституциялық Сот құрылды, адам құқықтарын қорғау тетіктері айтарлықтай күшейтілді», - деді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, реформаның нәтижесінде бүкіл саяси жүйенің жұмысы жаңғыртылды, елімізде ауқымды әрі терең институционалдық өзгерістер жасалды.

«2022 жылғы конституциялық реформадан туындайтын негізгі бастаманың бірі ретінде «Ұлттық қор – балаларға» жобасын атап өтуге болады. Жалпы, осы өзгерістерден кейін екі жыл өтті. Бүгінде біз жаңарған Ата заң мемлекетіміздің дамуына зор ықпал етті деп нық сеніммен айта аламыз», - деді Мемлекеттік кеңесші.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар