Ерлерге қарағанда әйелдер көп темекі тартатынын байқап жүрміз – министр
- авторjambylinfo.kz
- 18 қазан, 2023
- 381
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде вейптерге тыйым салу жоспарына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Жамбылинфо Kazinform.сайтына сілтеме жасап.
«Бұл бағыттағы қадамдар халықтың денсаулығын сақтауға оңтайлы әсер етеді. Қазір еркектерге қарағанда әйелдер көп темекі тартатынын байқап жүрміз. Әйелдердің темекіге тәуелділігі қауіпті. Себебі әр анаға ұлт денсаулығының тікелей қатысы бар», – деді Ажар Ғиният Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Сонымен қатар министр қазір балалар да ересектерге еліктеп, аталған вейптерді шегіп жатқанын айтты.
«Осы вейпті өндірушелер өздерінің нарығын балалар есебінен кеңейтуге тырысып жатқан сияқты көрінеді. Яғни хош иістендіргіштерді, түрлі-түсті қаптамаларды пайдаланып жатыр. Қазір әлем елдерінде бұл зиянды өніммен күрес үлкен мәселеге айналған. Себебі халық денсаулығына елеулі зиян келтіріп жатыр», - деді ведомство басшысы.
Бұған дейін, 11-15 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы тұрақты түрде вейп шегетіні айтылған еді.
Электронды темекі кәдімгі темекі секілді денсаулыққа зиянды. Оны сондай-ақ темекі өнімі десе болады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024