сенбі, 28 қыркүйек, 2024 20:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ертісте 3,4 миллион теңгеге балық аулаған браконьер ұсталды

Ертісте 3,4 миллион теңгеге балық аулаған браконьер ұсталды
ашық дереккөзі
Ертісте 3,4 миллион теңгеге балық аулаған браконьер ұсталды
Ертіс өзенінде Сібір бекіресі мен 14 стерлетті заңсыз аулаған браконьер ұсталды.
Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік инспекциясының қызметкерлері Ертіс өзенінде, Белая өзенінде болған рейд кезінде аспалы қозғалтқышы бар қайықта заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады. Қайықтан салмағы 4 келі Сібір бекіресі мен салмағы 8,8 келі 14 стерлет балығы табылды. Балық ресурстарына келтірілген жалпы шығын 3 миллион 469 мың 771 теңгені құрады. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерін заңсыз аулағаны үшін ер адамға ҚР ҚК-нің 339-бабы «сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша жаза қолданылады. Аталған бап бойынша кінәлі үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Осыған байланысты құқық бұзушылық жасалған жерге Павлодар облысы Май аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, материалдар қылмыстық іс қозғау үшін берілді.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар