....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 1:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

FIFA рейтингі. Қазақстан құрамасы жылды 100-орынмен қорытындылады

FIFA рейтингі. Қазақстан құрамасы жылды 100-орынмен қорытындылады
ашық дереккөзі
FIFA рейтингі. Қазақстан құрамасы жылды 100-орынмен қорытындылады
Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (FIFA) жаңарған рейтингі жарияланды. Қазақстан ұлттық құрамасы жылды 100-орынмен қорытындылады. Магомед Адиев жаттықтыратын ұлттық құрама өткен айда да 100-орында болған. Жаңарған рейтингте де өз орнында қалған. Алғашқы ондықта да өзгерістер жоқ. Қазақстан құрамасы қараша айында екі ойын өткізді. 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Сан-Мариноны 3:1 есебімен ұтса, сырт алаңда Словенияға 2:1 есебімен жол берді. FIFA рейтингі: 1 (1). Аргентина - 1855.2; 2 (2). Франция - 1845.44; 3 (3). Англия - 1800.05; 4 (4). Бельгия - 1798.46; 5 (5). Бразилия - 1784.09; 6 (6). Нидерланды - 1745.48; 7 (7). Португалия - 1745.06; 8 (8). Испания - 1732.64; 9 (9). Италия - 1718.82; 10 (10). Хорватия - 1717.57; ...100 (100). Казахстан - 1215.16. Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Наурыз айында Ұлттар лигасы негізінде қосымша жолдамаға таласады. 21 наурыз күні Грекия құрамасына қарсы ойнайды. Егер ұтатын болса, 26 наурызда Люксембург және Грузия құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/sport/97376/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар