сенбі, 14 желтоқсан, 2024 11:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Финишке таяп қалды": Жүрсін Ерман ауыр сырқаты жайлы айтты

"Финишке таяп қалды": Жүрсін Ерман ауыр сырқаты жайлы айтты
ашық дереккөзі
"Финишке таяп қалды": Жүрсін Ерман ауыр сырқаты жайлы айтты

Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман былтырғы жылы дертке шалдығып, шетелде ем алып келген болатын. Ақын қазіргі денсаулығы жайлы "Таңшолпан" бағдарламасында айтып берді, –  деп хабарлайды Жамбылинфо  Aikyn.kz-ге сілтеме жасап.

 "Көп ем-дом алдым. Бірақ нәтиже шықпады. Бір жылдан асып кетті. Осы Алматыда, Астанада емделдім. Швейцарияға барып емделдім. Бірақ нақты нәтиже болмай тұр. Қазір 70-тің үстіне шықтым. Сырқат ауыр боп тұр. Финишке таяп қалды. Бұрын көп жазатынмын. Қазір жазуды да қойдым. Жазуға да сау адамның көңіл күйі керек. Ол болмағаннан кейін қиын", – деді Жүрсін Ерман.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын.

Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі  Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растаған болатын. Кейін  Жүрсін Ерман Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар