бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 21:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Францияда паралимпиада алауы жағылды

Францияда паралимпиада алауы жағылды
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
28 тамыз күні XVII жазғы Паралимпиада ойынының ашылу салтанаты өтеді

Британдықтар Паралимпиада алауын француз спортшыларына табыс етті. Олар екі алауды Франция қалаларымен алып өтеді, деп жазады Jambylinfo.kz. Kaz.inform.kz -кен сілтеме жасап. 

Сток Мандевилл ауылынан шыққан алау ұстаушылар француз әріптестерімен жарты жолда кездесті. Олардың арасында паралимпиада қозғалысының және алғашқы паралимпиада ойындарының негізін қалаушы Людвиг Гуттманның шөбересі Лора Миллс бар.

Қале коммунасындағы туннельдің шығысында тағы 11 алау жағылды. Француздарды барынша паралимпиаданың алау жағу эстафетасына тарту және мүмкіндігі шектеулі жандардың өміріне жұртшылық назарын аудару мақсатында алау жағушылар Франция қалаларын аралап өтті.

Бұл рәсім 28 тамыз күні Парижде аяқталады. Дәл осы күні Паралимпиаданың негізгі алауы жағылады. Спорттық жарыстар 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазақстан паралимпиадашылары Паралимпиада ойындарына сегізінші рет қатысады. 1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін біздің спортшылар Жазғы Паралимпиада ойындарында 7 медаль (2 алтын, 4 күміс және 1 қола) жеңіп алды. Бұған дейін Премьер-Министр Олжас Бектенов 2024 жылы өтетін XVII жазғы Паралимпиада ойындары қарсаңында Қазақстан құрамасының мүшелерімен кездесіп, Қазақстанның мемлекеттік туын табыстап, сәттілік тілеген болатын.

XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын паралимпиадашылардың алғашқы легі Парижге аттанды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар