сенбі, 22 наурыз, 2025 1:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Француз рэперінің ерекше марафоны желіні дүр сілкіндірді

Француз рэперінің ерекше марафоны желіні дүр сілкіндірді
Ашық дереккөз
Француз музыканты жаңа альбомының танымалдылығын арттыру үшін экстремалды әдіс ойлап тапты

Survival Mode («Амал қалмағанда») атты альбомын жарнамалау мақсатында ол көрме орталығындағы жүгіру жолында толық бір тәулікті өткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Музыкасыз, үзіліссіз және ештеңеге алаңдамай, рэпер 205,21 км қашықтықты еңсерді. Мұндай төзімділікке жету үшін ол үш жыл бойы ультрамарафоншы ретінде жаттыққан.

Эксперименттің видеосы әлеуметтік желілерде тез таралып, танымал бола бастады. Көрермендер оның 24 сағат ішінде дәретханаға қалай барғанын талқылай бастады. Кейінірек көмекшілері бұл құпияны ашып, бірнеше рет қара перде артындағы кубқа ыдыспен кіргенін айтты.

Нәтиже күткеннен де асып түсті – трансляцияны 100 мың адам тамашалады, бейнежазба вирусқа айналды, ал рэпердің альбомы бірден жоғары сатылымдарға жетті.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар