жексенбі, 24 қараша, 2024 23:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Француз жиһанкезі Алматыға велосипедпен келді

Француз жиһанкезі Алматыға велосипедпен келді
ашық дереккөзі
Француз жиһанкезі Алматыға велосипедпен келді
Алматылықтар Франциядан велосипедпен келген қонақты қарсы алды. Жиһанкездің аты-жөні – Лоран Мае. Көлдер мен шөлдерді басып өтіп Алматыға аман жеткен ол Францияның Ренн шаһарынан қос дөңгелекті серігіне мініп мамыр айында шығыпты.  

Құдайы қонақты қала қақпасынан қарсы алған еріктілер қазақы қалыпқа сай шашу шашып, шапан кигіздіАлматының тәтті алмасын ұсынды. Қазақ елін Тәуелсіздіктің мерейлі белесімен құттықтай келдім деген мейман өз әсерімен бөлісіп, жолдағы көрген-білгенін ортаға салды.

«Төрт ай бойы 15 елді кесіп өттім. Күндіз тынымсыз жол жүріп, түн мезгілінде шатыр тігіп, табиғат аясында тынықтым. Жолда түрлі қызықтарға кез боласың. Үрейлі ойлар санаңды шарпиды. Өйткені алдыңнан сан қатер шығады. Десе де Алматының әсем табиғаты соның бәрін ұмыттырып жіберді. Шаршап-шалдығып келгенде алдыңнан мынадай керемет шыға келсе жол азабы сөз бе? Мынадай асқақ таулардың баурайына келгенде, мұнда өмір сүретін адамдар шынымен бақытты деген ойға келдім», дейді саяхатшы. 

Жиһанкез елімізде 10 күн аялдайтынын, Медеу мен Шымбұлаққа, Қайыңды көлі мен КөлсайғаШарын шатқалына баратынын айтты. Сонымен бірге сапар соңында ел астанасын көруді де жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Негізгі мамандығым экономист. Велосипедпен әлем кезу менің бала күнгі арманым.​ Ұлы-Жібек жолының тарихын жастайымнан оқып өскендіктен де Қазақстанға келуді көптен мақсат тұтып жүрдім. Және өзім тарихына ерекше қызығатын елге ерекше көлікпен, еңбекпен келгеніме қуанамын. Ренн қаласының мэрі Натали Апперенің хатын ала келдім. 7 жарым мың шақырым жол жүріп келген хатта Ренн-Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасқа биыл 30 жыл толғаны баяндалады», дейді Лоран.

Жеті жарым мың шақырымды шайтанарбамен еңсерген еріктінің ерік жігеріне таңғалмай көріңіз. Қайтар жолдың қамы қалай деген сауалымызға«алдымызда суық мезгіл келе жатқандықтан, Францияға аспан жолымен аттануға тура келеді» деп жауап берді жиһанкез.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар