Жаңалықтар
Гүлмира Сатыбалды адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатыр - Антикор
- авторjambylinfo.kz
- 8 қыркүйек, 2022
- 228
Гүлмира Сатыбалды адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатыр - Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды ЖамбылИнфо Антикорға сілтеме жасап.
Бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді.
«Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді. Сонымен қатар, Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде», - деп жазды ведомстводан.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады.
Күдікті адамдар күзетпен ұсталуда.
Тергеу жалғасуда.
Дереккөз: http://inform.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз