Жаңалықтар
Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болуға үміткер атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 8 қазан, 2025
- 520
Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенттігіне үміткер атанды
Әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин халықаралық World Boxing ұйымының президенті қызметіне үміткер болды. Қазір ол осы лауазымға басты үміткерлердің бірі саналып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұған дейін ұйым басшылығына украиналық танымал спортшы Владимир Кличко да ұсынылған еді, алайда оның кандидатурасы жарияланғаннан кейін көп ұзамай сайлаудан алынып тасталды.
Головкин президент болып сайланған жағдайда, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында боксты үйлестіру мүмкіндігіне ие болады. Бұл – отандық спорт үшін үлкен мәртебе және тарихи сәт болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






