жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенттігіне жалғыз үміткер болды

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенттігіне жалғыз үміткер болды
olympic.kz
World Boxing ұйымын алдағы төрт жылда кім басқаратыны 23 қарашада белгілі болмақ. Бірінен соң бірі бас тартқаннан кейін президенттік қызметке жалғыз үміткер болып Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин ғана қалып отыр.

Италия астанасы Римде өтетін World Boxing конгресінде ұйымның жаңа басшысы сайланады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әлемнің 125 елінің әуесқой бокс федерацияларын біріктіретін бұл ұйым бүгінде Олимпиададағы бокстың болашағына тікелей әсер ететін маңызды халықаралық құрылым саналады.

Головкиннің жалғыз кандидат болып қалуына басты себеп — осы лауазымға өзін ұсынған Грекия бокс федерациясының президенті Харис Мариолистің кандидатурасын ресми түрде қайтарып алуы. Оның бұл шешімінен кейін сайлауға қатысуға ниетті өзге үміткер қалмаған.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2024 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып сайланған. Ал қыркүйек айында World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанып, бокстың Олимпиада бағдарламасында қалуына елеулі еңбек сіңірді.

Өткен айда Головкин халықаралық World Boxing ұйымының президенттігіне өзінің кандидатурасын ресми түрде ұсынған болатын.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар