дүйсенбі, 31 наурыз, 2025 9:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халықаралық байқаулардың жеңімпаздарына мемлекеттен қаржылай қолдау көрсетіледі

Халықаралық байқаулардың жеңімпаздарына мемлекеттен қаржылай қолдау көрсетіледі
Ашық дереккөз
Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді

Мәжіліс депутаттары халықаралық ғылыми байқауларда жетістікке жеткен оқушылар мен олардың ұстаздарына бір реттік төлем жасауды ұсынып отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Осыған қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсынысты парламенттің әлеуметтік-мәдени даму комитеті мақұлдады. Енді бұл мәселе мәжілістің жалпы отырысында қаралады. Ақшалай төлемдер аталған байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтарға берілмек.

Бұған дейін депутаттар халықаралық ғылыми байқаулардың лауреаттарына Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей-ақ жоғары оқу орындарына түсуге рұқсат беру туралы шешім қабылдануына қол жеткізген еді.

"Егер бұл мәселені қайта-қайта көтеріп, біртіндеп алға жылжитын болсақ, шешімі табылады", – деп қуанышын жеткізді депутат.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар