Жаңалықтар
«Хат жолдады да, асылып қалды». Алматыда форма киген жігіт суицид жасады
- авторjambylinfo.kz
- 7 желтоқсан, 2022
- 347
«Хат жолдады да, асылып қалды». Алматыда форма киген жігіт суицид жасады
Алматы қаласы Әуезов ауданының Анар есімді тұрғыны телефон соғып, үйінің ауласында бір жігіттің асылып қалғанын хабарлады, деп жазады exk.kz.
Оқиға түскі үзіліс кезінде болған. Көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында тұратын келіншек аулаға қарайтын терезеге көз салғанда жасы 30-дар шамасындағы ер адамның ағаш бұтағында асылып тұрғанын көреді.
Оның үстінде қаракөк түсті жұмыс формасы бар. Біздің үйге жақын маңда жұмысшылардың жолды жасап жатқанын білеміз. Асылып қалған жігіт солардың бірі болуы мүмкін, — дейді Анар.Келіншек жұбайының бірден аулаға жүгіріп шығып, полицияға хабар бергенін айтады. Тәртіп сақшылары оқиға болған жерді суретке түсіріп, марқұмның денесін өздерімен бірге алып кеткен.
Ол өлерінің алдында әлдекімге дыбыстық хат жолдаған болуы керек. Мүмкін, өзінің қай жерде екенін хабарлаған шығар. Себебі, біз телефон соққанымыз сол еді, аулада полиция қызметкерлері қаптап кетті, — дейді оқиға куәгері.Алматы қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала