Жаңалықтар
Хромтауда отшашулар салынған жүк көлігі жолда өртеніп кетті
- авторjambylinfo.kz
- 22 желтоқсан, 2023
- 502
Хромтауда отшашулар салынған жүк көлігі жолда өртеніп кетті
Ақтөбе облысы Хромтау қаласында отшашулар салынған жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 21 желтоқсанда сағат 15:05-те Хромтау қаласы Самара-Шымкент тас жолы бойында болған. Жүк көлігі жанып жатқаны туралы 101 қызметіне хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына өртсөндірушілер жіберілді. Оқиға орнына келген кезде фура автокөлігі ішінде газ баллон құтылары, лак-бояу өнімдері, тұрмыстық бұйымдар жанып жатқаны анықталды.
Өрт сағат 16:19-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/97454/
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






