жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 16:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Илья Ильин маскүнемдіктен емделіп жатқан досы Алмас Өтешевке барды

Илья Ильин маскүнемдіктен емделіп жатқан досы  Алмас Өтешевке барды
Сурет: Видеодан скрин
Ауыр атлет Алмас Өтешев Астанадағы оңалту орталығының бірінде маскүнемдіктен ем алып жатыр

Танымал спортшы Илья Ильин маскүнемдіктен оңалту орталығында емделіп жатқан әріптесі Алмас Өтешевке барып, зілтеміршінің қазіргі жағдайын көрсетті, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz.

Илья Ильин бір сұхбатында 10 жылдан бері алкогольді ішімдікке тәуелді болған әріптесі Алмас Өтешовтің ем қабылдап жатқанын айтып, оның жағдайын бақылауда ұстап отыратынына уәде берген. 

“Достар, уәдем  еткенімдей, сіздерге ем алып жатқан Алмас досымның қазіргі  жағдайын көрсеткелі отырмын. Досымның жағдайы жақсы. Алмас қазір Астанадағы Soul Clinic оңалту орталығында емделіп жатыр. Олай болса, оған қолдау көрсетіп, оның сауығып кетуіне тілектестік білдірейік, - деп жазды Иья Ильин желідегі парақшасына. 

Өз кезегінде Алмас Өтешов қиын кезде қасынан табылған досы Илья Ильинге алғысын айтып, алкогольді ішімдікке тәуелділікті жеңген соң жаңа өмір бастауға ниетті екенін жеткізді. 

"Халыққа рахмет айтамын. Бұйырса, емделіп, мына жерден шыққан соң кішкентай балаларды спортқа баулып, чемпиондарды тәрбиелегім келеді", - деді ол  болашақтағы арманын айтып. 

Айта кетейік, бұған дейін ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмаз Өтешов "Уақыт көрсетеді" подкастында спорттан шеттетілгенін айтып, ауыр атлетика федерациясынына өкпе-ренішін айтқан. Сондай-ақ оның күзетші болып жұмыс істегені белгілі болған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар