Индонезияның шығысында қуатты жер сілкінісі болды
Индонезияның шығысында 5,8 балдық жер сілкінісі болды.
Америка Құрама Штаттарының геологиялық қызметі (USGS) жер сілкінісі Малуку провинциясындағы Серам аралындағы Амахай қаласынан 70 шақырым жерде болғанын хабарлады.
Жер сілкінісінің эпицентрі 10,6 шақырым тереңдікте жатты.
Индонезия билігі провинция тұрғындарына Жапутих пен Апиаху жағажайларынан алыстап, цунами қаупіне дайын болуды ұсынды.
Индонезия «Тынық мұхиттық от сақинасы» деп аталатын сейсмикалық-жанартау белдеуінде орналасқан және осыған байланысты жер сілкінісі қаупімен жиі кездеседі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз