Жаңалықтар
Instagram-дүкендер тексеріле бастады: Салық органдары кірістерді назарға алды
- авторjambylinfo.kz
- 22 ақпан, 2025
- 300

Бұл туралы «Қазақстан салықтары» ЗТБ басшысы, салық кеңесшісі Екатерина Ким мәлімдеді
Қазақстанда Instagram арқылы сауда жасайтын кәсіпкерлердің кірістерін тексеру басталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Екатерина Кимнің айтуынша, Мемлекеттік кірістер комитеті 20 мыңнан астам жазылушысы бар танымал Instagram-дүкендердің иелеріне хабарлама жіберуді қолға алған.
— Бұған дейін блогерлерді тексергендей, салық органдары енді жеке кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктердегі шоттары мен салық есептілігіндегі деректерін салыстырып отыр. Нәтижесінде, кірісті жасыру жағдайлары анықталуы мүмкін, — деп түсіндірді Екатерина Ким.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз