Жаңалықтар
Иракта соңғы 27 жылда алғаш рет халық санағы өтеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 қараша, 2024
- 398
Бүгін Ирак елінде жалпыұлттық халық санағы басталады
Ол кейінгі 27 жылда алғаш рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Билік өкілдерінің айтуынша, мемлекеттің барлық өңірін қамтитын санақ цифрлық технологияның көмегімен іске асады. Иракта ұзақ уақыт бойы халық санағының жүргізілмеуіне қарулы қақтығыстар, саяси алауыздық пен коронавирус кедергі болған. Енді ел билігі бұл үдерістің сәтті өтетініне сенім білдіріп отыр.
Халық санағының алдын ала нәтижесі 24 сағат ішінде жарияланады. Ал соңғы қорытынды 2-3 айдан кейін шығады. Ирак жоспарлау министрлігінің есебі бойынша 2024 жылдың соңына қарай елдегі халық саны 43 миллионнан асуға тиіс.