жексенбі, 24 қараша, 2024 19:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өңірдегі өндіріс ошақтарын жандандыру - басты мақсат

Өңірдегі өндіріс ошақтарын жандандыру - басты мақсат
ашық дереккөзі
Өңірдегі өндіріс ошақтарын жандандыру - басты мақсат
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңіріміздегі кәсіпкерлер палатасының жаңа құрамымен кездесіп, қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыру шаралары мен кәсіпкерлік саласында өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, облыстағы кәсіпкерлік саланы дамыту мақсатында жасалатын жұмыс жоспарлары да сараланды. — Жыл сайын несиелер бойынша ішінара кепілдендіруге, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға ауқымды қаражат бөлінуде, дегенмен ол ақша уақытылы игерілмеуде. Кеше мен мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық қамтуды арттыру мәселелері бойынша кеңес өткіздім. Жергілікті өнімнің үлесі бар болғаны 40 пайызды құрайды. Сіздерді осы мәселелерді шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын, — деді облыс әкімі. Кеңес барысында кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Мұқаш Ескендіров, Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Саурықов, «Әулие Ата Феникс» ЖШС директоры Фарида Жүнісова, «Агропродхлебснаб» ЖШС директоры Жақсыбек Қасымбеков, «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Жанат Ертаева, Бизнесті индустрияландыруға жәрдемдесу Палатасы қауымдастығының төрағасы Латиф Айдаров сөз алып, орамды ойлары ортаға салып, көкейдегі ұсыныс-пікірлерін білдірді. Олар ара және балық шаруашылығын дамытуға, баға белгілеуге қатысты мәселелерді көтерді. — Сіздер көтерген мәселелердің әрқайсысы жан-жақты сараланатын болады. Қазірдің өзінде ара шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамыту бойынша нақты шаралар қабылдануда. Елімізде балық өсірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған, бірақ бұл туралы көбі біле бермейді. Балық шаруашылығы басшыларына мемлекеттік бағдарламалар туралы жеткізу керек. Ара шаруашылығын дамытуға келер болсақ, мен ауыл шаруашылығы басқармасына омарташыларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырдым. Сондай-ақ, облыстың омарташылар қауымдастығының жұмысын жандандыру қажет, — деп қорытындылады аймақ басшысы.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар