сейсенбі, 17 қыркүйек, 2024 0:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Испания - Еуропаның төрт дүркін чемпионы атанды

Испания - Еуропаның төрт дүркін чемпионы атанды
Ашық дереккөз
Испания Англия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды

Футболдан 1 айға созылған Еуропа чемпионаты аяқталды. Финалда Испания құрамасы Англияны ұтып, кәрі құрлықтың басты доп додасында 4-ші рет топ жарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Құрамалар арасындағы ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. Екінші тайм басталған тұста-ақ Испания есепте алға шықты.

73-минутта алаңға жаңа шыққан Коул Палмер есепті теңестірді. Оның алыстан жерлете тепкен добын Унай Симон қайтарып үлгермеді. 

86-минутта Микель Оярсабаль өз мүмкіндіндігін сәтті пайдаланып, есепте қайта құрамасын алға шығарды. Ол қорғаушылардан ерте жетіп, допты қақпаға енгізді. 

Айта кетейік,  осылайша Испания өз тарихында 4-ші рет Еуропа чемпионы атанды. Бұған дейін 1964, 2008 және 2012 жылдары жеңімпаз болған.

Ал Англия футболшылары  екінші жарыс қатарынан финалға шыққанымен, топ жара алмады. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар