Жаңалықтар
Израиль Газадағы жалғыз жұмыс істеп тұрған ауруханаға соққы жасады
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 сәуір, 2025
- 169

Салдарынан аурухананың жедел жәрдем және қабылдау бөлімдері толықтай қирап, мекеменің қызметі тоқтап қалды.
Газа секторында жалғыз жұмыс істеп тұрған «Аль-Ахли» ауруханасы Израиль әскери күштерінің әуе соққысына ұшырады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Израиль тарапы бұл аурухана аумағында ХАМАС қозғалысының командалық штабы орналасқанын алға тартып отыр. Әуе соққысы алдында қауіпсіздік қызметі эвакуация туралы ескерту берген. Дегенмен, эвакуация кезінде бір адамның қаза тапқаны хабарланды. Қазір жүздеген науқас ашық аспан астында қалуға мәжбүр.
ХАМАС бұл шабуылды «соғыс қылмысы» деп бағалап, халықаралық қауымдастықты шұғыл әрекет етуге шақырды. Өз кезегінде Израиль азаматтық шығынды барынша азайту мақсатында дәл бағытталған қару қолданғанын мәлімдеді.
Израиль алдағы уақытта әскери операцияны кеңейтетінін хабарлады.
---