....

....

сәрсенбі, 28 ақпан, 2024 5:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Израильдің Газаға шабуылына қатысты тың дерек шықты

Израильдің Газаға шабуылына қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөзі
Израильдің Газаға шабуылына қатысты тың дерек шықты
Израиль қорғаныс күштерінің бас штабының басшысы Герц Ха-Леви Израиль әскері Газа қаласында шабуыл жасап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы bugin.kz тілшісі The Times of Israel-ға сілтеме жасап хабарлайды.
"Біз соғыстың маңызды кезеңіне аяқ бастық. Әскери күштер Газаның солтүстігінде орналасып қаланы қоршады. Құрлық шабуылын кеңейтіп, әскерилер алға жылжуда",- деді ол.
Оның айтуынша, әскерилер нақты барлау мәліметтерін алғаннан кейіншабуылға өткен.  Израиль әуе және теңіз күштері де Газаға соққы беруде. Ха-Левидің айтуынша, жердегі операция басталғаннан бері Газа секторында 18 израильдік сарбаз қаза тапқан. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз кезегінде Израиль күштерінің Газа қаласының шетінен орталық жаққа жақындағанын айтты.
"Израиль әскері жақсы нәтижелерге жетіп жатыр. Біз алға жылжудамыз", - деді ол.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Израиль әскерлері мен танктері 2 қарашада Газа қаласына аттанғанымен, ХАМАС жауынгерлерінің қарсылығына тап болған. Олар Израиль әскеріне минометтерден оқ жаудырған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар